Вы находитесь здесь: Главная > Воспитателям национальных групп > Қостанай қаласы МКҚК №3 бөбекжай-балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.
Post Icon

Қостанай қаласы МКҚК №3 бөбекжай-балабақшасы Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы.

Автор:

Жасы: (4-5) Ортаңғы көбелек тобы

Тәрбиеші: Мырзабекова Салтанат Балтабайқызы

Тақырыбы: Ертегіде қонақта

Білім беру саласы: «Қатынас»

Кіші сала: Тіл дамыту

Мақсаты: Модельдеу әдісінің көмегі арқылы көркем шығарманы мазмұндай білуге, үйрету. Балаларды толық жауап беруге қалыптастырып байланыстырып сөйлеу түрін дамыту. Балалардың шығармашылық қабылеттерін жетілдіріп ертегілерге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс және оқу іс-әрекетіне дайындық: Ертегі туралы түсінік беру

Сөздік жұмыс.Ертегі, кейіпкер, айлакер, қу, үлпілдек.

Дидактикалық құралдар: Түлкі ойыншығы, кейіпкерлердің костюмдері, суреттер, сиқырлы дорба

Билингвальдық компоненті : Түлкі – лиса-fox,қоян –заяц-rabbit, аю-медведь- bear,ит-собака-dog,әтеш-петух-cock.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеттері

I кезең-

мотивациялық-

қозғаушы

Балалар келген қонақтармен амандасайық.

Балалар бүгін біз сендермен ертегіге қонаққа барамыз.

Балалар шеңберде тұрады, қонақтармен амандасады. Балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап, бір – біріне қарап күлімдейді.

ІІ кезең проблемалық ізденушілік

Сюрприздік сәті: Ойыншық түлкі тығылған, сиқырлы дорба пайда болады.

Балалар қарандаршы бұл не?

Дұрыс, біреу сиқырлы дорбасын ұмытып кетіпті, ал ішінде бірдене бар.Дорба ішінен дыбыс шығады.

Бұнын ішінде не бар екенін тауып көрейік, бірақ көзбен емес қолдың көмегі арқылы тауып көрейік.

Мен қазыр кейбір балаларға ұстап көруге берем, ал олар оның ішінде не бар екенін атау керек.

Дұрыс балалар бұл түлкі, ол бізге ертегіден келді. Балалар ертегіде түлкіні қалай атайды?

Дорбанын ішінде түлкі бар екенін қайдан білдіңдер?

Әңгіме жүргізу.

Ал енді балалар орнымызға отырып, біздің қонағымызды суреттеп берейік.

Түлкінің жүні туралы не айта аласыңдар?

Түлкінің бет – әлпеті жайлы не айта аласыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, ал түлкінің құйрығы жайлы не айта аласыңдар?

Ал қалай ойлайсыңдар үлпілдек құйрық түлкіге не үшін қажет?

Ал ертегіде түлкінің мінезі қандай?

Жарайсыңдар балалар ал түлкі бізге ертегіден келді ғой, бірақ қай ертегіден келді? Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?

Ия осы ертегілерде біз түлкіні кездестіреміз, бірақ біздің қонағымыз қоянды ренжітіп, үйінен қуып шыққан ертегіден келді.

Түлкі өзімен бірге жұмбақтар ала келіпті.

Жұмбақтар жасыру:

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. (Аю)

Адамға серік,

Күзетке берік. (Ит)

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
(Қоян)

Басы тарақ, арты орақ.  (Қораз) 

Балалар қарандаршы қандай жануарларды тауып алдық, ал осы кейіпкерлердің барлығы да

Түлкі бізге тапсырма берді қарайықшы:

«Қоянның күркесі » деген ертегіден бе?

Сергіту сәті:

Енді балалар үстелдін

Үстіне келеміз.

Үстелдін үстінде «Чудо фанарик» .

Балалар қане қояның ертегісі неден басталды, есімізге түсірейік.

Қане бірінші түлкінің ұзын бет – әлпеті мен үшкір құлақтарын салайық.

Кейіпкерлердін қандай айырмашылығы бар?

Дұрыс ендеше қоянға ұзын құлақтар салайық.

Ал ары қарай н е болды?

Иттің қандай айырмашылығы болды?

Ендеше иттің құйрығын салайық.

Ал бізге ары қарай ертегіні кім айтып береді?

Балалар бұл аю екенің көрсету үшін нені салуымыз керек?

Дұрыс ендеше кішкентай дөңгелек құлақтарды саламыз.

Ал әтеште не ерекше болады?

Дұрыс ендеше әтешке айдары мен тұмсығын салайық

Немен ертегі аяқталады?

Ал енді ертегіні сахналайық.

Балалар таң қалады.

Балалар дорбаны көріп тұрғандарын айтады.

Балалар дорбаны сыртынан ұстап көреді, ішінде не бар екенің тауып алуға тырысады.

Балалар ертегіде түлкіні қалай атайтындарын айтады.

Балалар сұраққа жауап береді. Өйткені түлкінің құйрығы үлпілдек.

Балалар орындарына отырады.

Түлкінің жүні жұмсақ, үлпілдек, қынасары түсті екенің айтады.

Түлкінің бет әлпеті үшкір, қу,құлақтары үшкір, үшбұрышқа ұқсайды.деп жауап береді.

Түлкінің құйрығы ұзын және үлпілдек өйткені өзінін ізін жою үшін қажет.

Ертегіде түлкі қу, айлакер болып келеді деп жауап береді.

Балалар бауырсақ, үйшік, қаңбақ шал, Түлкі мен бөрене,деген ертегілерде кездеседі деп жауап береді.

Жұмбақтарды мұқият тыңдап отырып жауаптарын табады.

Балалар бақанын бұл ертегіден емес екенін айтады.

Балалар сергіту сәтін орындайды

Балалар ертегі қоян мен түлкіден басталатынын айтады.

Түлкінің құйрығы ұзын, бет – әлпеті ұзын екенің айтады.

Балалар қоянның құлағы ұзын екенің айтады.

Балалар қоянның құлақтары ұзын екенің айтады.

Балалар иттің құйрығы жайлы айтады, иттің құйрығын салады.

Кішкентай дөңгелек құлақтарды саламыз деп жауап береді.

Тұмсығы мен айдары бар екенін айтады.

Балалар әтештің айдары мен тұмсығын салады.

Балалар ертегінің немен аяқталатынын айтады. Балалар ертегіні сахыналайды.

III кезең-

Рефлексивті- түзеуші

Балалар біз қандай ертегіні сахналадық?

Ертегі не туралы?

Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысты?

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін қорытындылайды.

Күтелетін нәтиже:

Жаңғырады: Ертегі жайлы түсінік болу

Түсінеді: Ертегіні мазмұндай алу

Қолданады: Балалар ертегіні рольдерге бөліп ойнай алу

 

Поделиться:

Оставить комментарий