Вы находитесь здесь: Главная > Воспитателям национальных групп > Тақырыбы: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудағы мультисенсорлық ойындарға жаңа көзқарас»
Post Icon

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамытудағы мультисенсорлық ойындарға жаңа көзқарас»

Автор: Кстаубаева Куляш Альмуратовна,
Мини-центр «Бал бобек» при ГУ «Камыстинская средняя школа № 2» отдела образования Акимата, Камыстинского района

4. Білім мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары

1. Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

1.1. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

1.2. Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

1.3. Білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесін дамыту

1.4. Білім беру әдістемелерін жаңғырту

2. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

2.1. Технологиялар трансферті

«Қазақстан Республикасының Мемілекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.»

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін бағдарламасын әзірлеу.

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған дидактикалық оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу;

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен педагогтардың қызметін мемлекеттік атестаттау мен лицензиялау кезінде міндетті болып табылады.

- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарында педагогикалық процесті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануды;

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектеп алды даярлық топтарының қызметін баланың денсаулығы мен оның физикалық дамуын сақтауға бағдарлауды;

-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивті білім беруді енгізуді болжайды;

Мектепке дейнігі жастағы балаларды дамытудағы мультисенсорлық ойындарға жаңа көзқарас

Дүниедегі ең оңай нәрсе- біруге

ақыл айту, ең қиын нәрсе –

өзінді- өзің түсіну.

Әл- Фараби.

Мекепке дейінгі үйымдары білім сапасың арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы негізгі жайғдайлары жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшілігі мен құндлылықтарын сақтайтын, балағына бағыуытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесіңің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсібі шеберліктерін үнемі шындап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт- бағдарын айқындап , оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал қажет.

Белгілі ғалым. А. Меңжанова. Мектепке дейінгі жастағы балалардың « ақыл- ой тәрбіесінің мақсаты- балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қарауландыру, сезім мен қабылдау ерекшіліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін( зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегінің сапасын, оның қорытындысын, ынта – ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету» деп анықтаған.

Сенсорлық тәрбие – балалардың белесенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы. Қазіргі өмірдің технологизациясы балалардың сенсорлы тәжірибесінің дифецитін кұрап, оны визуальді және виртуалды образдар аустырған. Сенсорлы бұрыш, тәрбиелеу – білім беру процесінде, қосымша білімнің тәрбиешілері және педагогтарының ұйымдастырушылық сабақтарында, өзіндік ойындарда, балалардың ізденіс-эксперименттальды әрекеттерінде қолданылады. Сенсомоторлы бұрыш балабақшаның топтық мекемесінде, бұл қымбат кұралдарсыз жабдықталған сенсорикалық бөлменің бейімделген нұсқасы.

Сенсомоторлы бұрыш негіздері:

-сенсорлы функциялардың стимуляциясы үшін (көру, сезу, есту т.б.);

-ұсақ моториканың дамуы, қозғалушы активтілік стимуляцисы;

-бұлшық ет және психоэмоционалды қауыртпалықты кетіру үшін, балардың жақсы сезінуі және релақсацияға жетуі үшін;

-баланың енбекқорлығын арттырып, жақсы эмоционалды жағдай қалыптастыру;

-когнитивті процестерінің белсенділігі (ойлау, көңіл бөлу, қабылдау, ес);

-мектеп жасына дейінгі балалардың іс әрекетінің экспериментальдылығы және өзіндік жұмысқа уәжділігінің артуы.

Ортаның, топтың моделі екі қарапайым мақсатқа негізделеді.

Балабақша – балалар үшін екінші үй, сондықтан оның ішінде балаларға қуанышты және жайлы болу керек;

Балалардың толық және жан-жақты дамуы үшін ойнауға, демалуға және оқуға арналған ұйымдастырылған орта болу керек.

Балабақшаға алғашқы келген балаларды әдемі, ашық, түсті, түрлі түсті көмекші құралдармен, ойыншықтармен қызықтыру керек. Театр ілгіштен басталса, балабақшада шешінетін жерден басталады. Сондықтан да балаларды балабақшада қарсы алған кезде кіре берістен бастап жайлы болуы керек. Балаларға түрлі түсті полкаларда орналасқан ашық түсті, жұмсақ, суйікті т.б. түрлі ойыншықтарды ұсынамыз. Үйдің образын балабақшада бөлменің интерьері қалыптастырады. Ұйықтайтын бөлмеге кірген кезде балалар сенсорлы түрлі түсті жолақтан өтіп, оны дене түйсігі арқылы сезінеді. Сенсорлы бұрышты ұйымсдастыру барысында алдымен топтық мекеме ішіндегі орналасау орнын анықтау керек. Ол балаларға ыңғайлы жерде орналасуы керек. Бұрышқа сенсомоторлы объектілерді тандауда ерекше көңіл бөлінеді. Олар балалардың өміріне және денсаулығына кауіпсіз объектілер болуы тиіс. Бұрыш сабақ тақырыбына және қажеттіліктерге байланысты енгізілетін, негізгі және қосымша объектілерден тұрады. Табиғат мезгілдері құбылыстарымен таныса отырып, спектр түсін атауда көңіл көтеріп, жаттығады.

Міндет үшін орындау шарт:

Түспен, пішінмен, шамамен балалрдың таныстыру үшін шарттарын жасау түс, шама, пішінді бекітуге дидактиқалық ойындар және кішкене моторика.

Эталонды жүйі:

Түстер, пішіндер, шамалар.

Түске байланысты ойындар «Кесеге сәйкес келетін қасық таңдау» «сиқырлы қапшық» «Әдемі қоршау»

Өлшемге байланысты ойындар: «Шарлар» « Құрылысшы» «Затты құрастыр» Қолдың ұсақ моториқасының дамуы үшін және аттардың әр түрлі қасиеттерімен таныстыру үшін келесі дидақтиқалық ойындар «Сиқырлы таяқшалар» « Баулар» « Моншақ жаса» және құм, су, қармен ойнау барысында балаларды осы материалдардың қасиеттерімен таныстыру ( құм шашылады, сулы затты жабыстыруға болады, ыдыстағы суды шәшкелерге құямыз.

Ұстап сезіну үшін әр түрлі фактурадағы материалдар ( тері, жібек, қағаз), қолға білінетін әріптер мен сандар. Балалар формасы әр түрлі заттармен ойнағанды жақсы көреді.

Ойындар: « Қолмен ұстап біл» « Тауып көрсет» « Затты сипатта».

Ойынның құндылығы- баланың психиқалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісінде қатыстырады. Ойынның бірінші кезеңінде тек фигураларды құрастырса, кейін жылдан жылға үлкен ракеталар, команавттар салып, толық оқиғаларды құрастыруға болады.

Қолданатың ойындар:» Екі түсті квадрат» « Кавролин» «Ғажайып пішіндер» Молдір квадрат

Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Қорыта айтқанда, мультисенсорлық ойынар - тұлғаның жан- жақты дамуының негізі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.А. Меңжанова. « Мектепке дейінгі педагогика» 1982

2.« Отбасы және балабақша» № 5, 2006ж

3.«Бала мен балабақша» № 9 2013ж

4. «Отбасы және балабақша» №10 2015ж

Поделиться:

Оставить комментарий